Жетісу облысында орман өрттерінің саны 21%-ға азайды

28 Қазан 2022, 17:00
654
Бөлісу:
Жетісу облысында орман өрттерінің саны 21%-ға азайды

Жетісу облысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін Жетісу облысының тұрғындарымен есептік кездесу барысында ТЖ министрі Юрий Ильин жұртшылықтың назарын табиғи өрттердің алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығына аударды.

Көбінесе, табиғи өрттердің себептерінің бірі - адамның өзі. Осыған байланысты азаматтарға жүгінгім келеді: табиғатқа шығу немесе ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде қарапайым ережелерді сақтау қажет - белгіленбеген жерде от жағуға, қоқыс жинауға, ауыл шаруашылық техникасына ұшқын сөндіргіштер орнатуға болмайды. Мұның бәрі табиғи өрттердің алдын алуға және экономикалық залалдан қорғауға мүмкіндік береді», - деп министр халыққа айтты.

Өңірге келетін болсақ, оның аумағында орман да, дала да басым деп айтуға болады. Биылғы жылы 21% - ға төмендегені байқалады. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері жеті жүзден астам рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылды, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және фермерлермен алты жүзден астам нұсқама өткізілді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 30-ға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп ТЖ министрі атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы