"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Текелі қаласында жастардың қатысуымен "GreenSteppe" атты экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және жастарды экологиялық бастамаларға белсенді түрде тарту. Бағдарлама аясында қаланың туристер жиі баратын табиғи аумақтарында қоқыс уақыт-уақытымен жиналып, негізгі демалыс орындары мен маршруттар қамтылды. Акция барысында жоспарлы түрде бірнеше аумақты тазалауды көзделген.

Бүгін біз маңызды әрі мағыналы шарада бас қосып отырмыз. "GreenSteppe" экологиялық акциясы – бұл тек табиғатты тазарту ғана емес, сонымен қатар жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған бастама. Әрбір белсенділік – бұл Жетісудың экологиялық болашағына қосқан үлес, - Жетісу облысы Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Арнай Рақымберліұлы.

Жыл басынан бері Жетісу облысында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында жоспарланған барлық іс-шаралар белсенді түрде өткізілуде. Жалпы сенбіліктер мен экологиялық акцияларға 17 мыңнан астам адам қатысып, 295 техника жұмылдырылды, 1 209 тонна қоқыс шығарылды, 132 саябақ пен сквер тазартылып, 17 мыңнан астам қылқанжапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.