Жетісу облысында екі адамды өлтірмек болған күдікті ұсталды

12 Ақпан 2023, 12:35
941
Бөлісу:
Жетісу облысында екі адамды өлтірмек болған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында екі адамды өлтірмек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10 ақпан күні аудандық ауруханаға 17 және 18 жастағы екі жергілікті тұрғын пышақ жарақатымен түсті. Жәбірленушілерді 17 жастағы танысы жарақаттағаны анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды, - делінген хабарламада.

Фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 24-бабына, 99-бабына сәйкес «Адам өлтіруге оқталу» жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы