Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан екі күдікті ұсталды

19 Мамыр 2023, 21:57
650
Бөлісу:
Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан екі күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерінің көмегімен жергілікті кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұсталғандардан 500 000 теңге тәркіленді, оны олар жәбірленушіден қорқытып алған.

Күдіктілерді ұстау Алматы-Өскемен трассасының жол бойындағы дәмханалардың бірінде жүргізілді. Олардың бірі бұрын сотталған Алматының 53 жастағы тұрғыны, екіншісі Алакөл ауданының 35 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлады Жетісу облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігіне (қорқытып алу) сәйкес жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы