Жетісу облысында бірқатар жол уақытша жабылды

26 Қараша 2022, 21:21
1096
Бөлісу:
Жетісу облысында бірқатар жол уақытша жабылды

Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар депатраментінің баспасөз қызметі хабарлады.

26 қарашада сағат 14:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолында, республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» автожолында, республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері тұрғындардан аталған бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметінің SMS хабарламаларын назардан тыс қалдырмауды сұрады. 

Өзгелердің жаңалығы