Жетісу облысы мен Чех Республикасының арасындағы іскерлік байланыс аясы кеңейеді

4 Қараша 2022, 09:15
770
Бөлісу:
Жетісу облысы мен Чех Республикасының арасындағы іскерлік байланыс аясы кеңейеді
PHOTO

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Чехия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рудольф Гикл мырзамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында қос тарап түрлі салаларда өзара тиімді әріптестік орнату жайын талқылады. 

Ресми қонақтарды жылы қарсы алған Бейбіт Исабаев облыс екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға дайын екенін айтты. 

Жетісу облысы мен Чех Республикасының арасындағы іскерлік байланыс аясы кеңейеді

Біздің өңірге арнайы келгендеріңізге ризашылығымды білдіремін. Қос тараптың да серіктестік қатынас орнатуға, өз елдеріміздің игілігі үшін жаңа әлеуметтік-экономикалық жобаларды бірлесіп іске асыруға ниетіміз бар. Мәселен, Текелідегі ашытқы зауыты чехиялық құралдармен жабдықталған, асыл тұқымды ірі қара мал өсіру саласын дамытуда да екі ел арасында байланыс орнаған. Алдағы уақытта ұзақ мерзімдік қарым-қатынасты орнықтыруға мүмкіндіктер мол деп ойлаймын, - деді Б.Исабаев.

Сол сияқты өңірдің Алматы қаласында кеңсесі бар екенін, қажет болса инвесторлармен, бизнесмендермен сол жерде іскерлік кездесулер өткізуге болатынын да тілге тиек етті.

Өз кезегінде Рудольф Гикл жылы қабылдау үшін алғысын жеткізіп, тек ауыл шаруашылығы мен сауда өнеркәсібінде ғана емес, чехиялықтар технология саласында да ынтымақтасуға дайын екендігін айтты. Сол сияқты туризм мен білім беру салаларында да екі елдің дамыған базасының болуы үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. 

Жетісу облысы мен Чех Республикасының арасындағы іскерлік байланыс аясы кеңейеді

Бейбіт Исабаев Жетісу облысы өңір халқының әлеуметтік-экономикалық игілігі үшін  ынтымақтсатыққа ашық екенін жеткізді.

Жалпы Жетісу облысына сапары барысында Чех Республикасының ресми делегациясы бүгін өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп, оларға өз елінде өндірілетін ауыл шаруашылығы техникаларын таныстырған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы