«Жетістіктер тілеймін!». Тоқаев жас теннисшінің ракеткасына қолтаңба қалдырды

6 Желтоқсан 2023, 20:17
930
Бөлісу:
«Жетістіктер тілеймін!». Тоқаев жас теннисшінің ракеткасына қолтаңба қалдырды
PHOTO VIDEO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы үстел теннисі орталығына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президентке орталықтың директоры Әсет Сағымбаев нысанның жұмысы жайында мәлімет берді. 

«Жетістіктер тілеймін!». Тоқаев жас теннисшінің ракеткасына қолтаңба қалдырды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған бұл спорт кешені халықаралық стандарттарға сай келеді. 

«Жетістіктер тілеймін!». Тоқаев жас теннисшінің ракеткасына қолтаңба қалдырды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің батыс өңіріндегі ең ірі үстел теннисі орталығының мүмкіндіктері таныстырылды. 

«Жетістіктер тілеймін!». Тоқаев жас теннисшінің ракеткасына қолтаңба қалдырды

Кешеннің барлық корты сертификатталған және құрал-жабдықтары Еуропадан әкелінген. Мұнда әртүрлі жастағы кәсіби спортшыларды дайындауға және халықаралық, әлемдік деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік бар. 

«Жетістіктер тілеймін!». Тоқаев жас теннисшінің ракеткасына қолтаңба қалдырды

Бүгінде орталықта 268 бала үстел теннисімен айналысады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас спортшы Нәби Қисанмен үстел теннисін ойнап, ракеткаға «Жаңа жетістіктер тілеймін!» деп қолтаңба қалдырды.

Өзгелердің жаңалығы