Жетісай диқандары 25 тонна қарбызды экспорттауға дайын

25 Мамыр 2022, 04:15
1744
Бөлісу:
Жетісай диқандары 25 тонна қарбызды экспорттауға дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округіне қарасты Жемісті ауылында 1 гектар алқаптан 25 тонна қарбыз Ресейге экспортталуға дайын тұр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарбыз тамшылатып суғару әдісімен өсірілген.

Тамшылатып суғарудың пайдасы мол екен. Жыл сайын 6 мың түп егетін едім, осы әдіспен биыл 8 мың түп шықты. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға мүмкіндік береді. Тамшылатып суғарудың тағы да бір артықшылығы – тыңайтқыш 5-6 есе аз кетеді. Қол күшін де көп қажет етпейсің. Қарбыздың 60-65 күнде пісетін «Долбый» атты сортын сәуір айында ектік. Қазір бағасын келіссек, 25 тоннадан астам қарбызды үзейін деп жатырмыз. Бұған дейін келісіне 210 теңге ұсынып кетті, бұл бағадан 20-30 теңгеге жоғарылау бағаны көздеп отырмын, – дейді «Атымтай» шаруа қожалығының төрағасы Атымтай Омаров. 

Қарбыз бір-екі күн көлемінде Ресейге жөнелтілмек.

Айта кетейік, биыл Жетісай ауданы бойынша 17 мың гектарға бақша дақылдары егілген. «Бір алқаптан 2-3 өнім алу» жобасы бойынша 1100 гектар аумақта 236 жоба іске асырылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы