Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетім балаларға тиесілі баспана мен әлеуметтік төлемдер қайтарылды

19 Мамыр 2025, 21:06
539
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары ата-ананың қамқорынсыз қалған балалардың мүліктік құқықтарын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметіне сәйкес, қадағалау органы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүлкінің уәкілетті органдар тарапынан сақталуын бақылаудың жоқтығынан көрінетін "Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру қағидаларын" өрескел бұзушылықтарды анықтады.

Осылайша, Айыртау ауданының Балаларды қолдау орталығы аталған ауданның Лобаново ауылында орналасқан тұрғын үйде үлесі бар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған алты кәмелетке толмаған бала тәрбиеленуде. Қағидалардың белгіленген талаптарына қарамастан, уәкілетті орган ұзақ уақыт бойы мүлікті басқару және бақылау шараларын қабылдамаған, - делінген ақпаратта. 

Аталған әрекетсіздіктерге байланысты аталған тұрғын үйге 2024 жылдың тамызынан бастап заңды негізсіз бейтаныс адам қоныстанған. Мамлют ауданында "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының талаптарын бұза отырып, жетім балаларға арналған 2 коммуналдық пәтерде басқа адамдар тұрған.

Тағы бір жағдайда, Ақжар ауданындағы Балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісінің әкесі қайтыс болғаннан кейін облыстағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің жарғылық капиталындағы жер үлесі қалған.

Құрылтай құжаттарына сәйкес кәмелетке толмаған адамның банк шотына жыл сайын әлеуметтік көмек (пайлық дивидендтер) келіп түскен.

Алайда, уәкілетті органның бақылауының болмауына байланысты 2024 жылы талап етілетін төлемдер жетім баланың банктік шотына жіберілмеген. 

Қабылданған қадағалау шараларымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бұзылған құқықтары тұрғын үйді бөгде адамдардан босату және әлеуметтік көмек төлеу арқылы қалпына келтірілді, - деп хабарлады СҚО прокуратурасы.

Жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселелері қадағалау органының бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы