Жеті жылдың біреуі: Қазақстанда қандай өзгерістер болды?

26 Қараша 2023, 11:13
1695
Бөлісу:
Жеті жылдың біреуі: Қазақстанда қандай өзгерістер болды?
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 7 жылдық бір мерзімге сайланғанына бір жылдай уақыт болды. Былтыр Конституциядағы өзгертулер сәйкес 20 қарашада елімізде кезектен тыс сайлау өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті болып қайта сайланды. Осы аралықта Президент бастамасымен қандай реформалар жүзеге асты? Елде қандай мәселелер шешімін тапты? шолу жасап көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаттарының саны қысқарды

Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарда жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұған дейін, яғни Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымында 107 депутат болғаны белгілі. Қысқартылған бұл 9 мандат осы уақытқа дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланатын депутаттарға тиесілі болатын.

Қазақстанда сот жүйесі өзгереді

Наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер енгізуге қол қойды.

Заңға сәйкес, енді құқық қорғау органдары судьяларға қысым көрсете алмайды. Судьяларға қатысты арнайы жедел-іздестіру шаралары тек бас прокурордың санкциясымен ғана жүргізіледі.

Бұрын құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғамай-ақ кез келген судьяға қарсы арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізе алатын. Бұл үшін облыс прокурорының санкциясы жеткілікті болатын.

Абай облысындағы өрт. Шешім мен өзгеріс

Биылмаусым айында алапат Абай облысында өрт болды. Тілсіз жау 14 адамның өмірін жалмады. Өрт шарпыған аймақ 60 мың гектарға жетті.

Президент оқиға орнына барып, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездесті.

Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады. Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы айтқандай, тиісті алгоритмдер жұмыс істемейді. Сондықтан уәкілетті органдар оларды толығымен қайта қарап, еліміздің орман шаруашылығының жүйелі мәселелерін шешуі керек.

Жеті жылдың біреуі: Қазақстанда қандай өзгерістер болды?
Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев сын сағатта бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен босатты. Жаңа министр болып Сырым Шәріпханов тағайындалды.

Болжам дұрыс жасалмады. Нәтижесінде табиғат апаты тиісті дәрежеде әрі дер кезінде ауыздықталмады. Демек, тиісті алгоритмдер жұмыс істемейді, – деген еді Мемлекет басшысы.

Жеті жылдың біреуі: Қазақстанда қандай өзгерістер болды?
Ақорда баспасөз қызметі 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевты жеке қабылдағын кезде орманшылардың біліктілігін арттыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы министрлікке қарасты ведомстволық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту және ұлттық парктердегі орман өртінің ошақтарын ерте анықтау жүйелерін тезірек енгізу, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Премьер-министр Әлихан Смайылов оқиғаға байланысты 10 күннің ішінде қорытынды жасауға тапсырма берді. Сонымен қатар қаза тапқан 14 орманшының отбасыларына «Қазақстан халқына» қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 млн теңгеден төленетінін мәлім етті. 40-тан астам отандық жоғары оқу орны өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне гранттар мен жатақханадан орын бөлінеді. Оған қоса ақылы негізде оқитын студенттер мен магистранттарды грантқа ауыстыру көзделіп отыр.

Жолдау

Биыл Президент «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі бірқатар жетістік жайлы сөз қозғады.

2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілді. Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есепшотына қаражат түсе бастайды. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жеті жылдың біреуі: Қазақстанда қандай өзгерістер болды?
akorda.kz

Президент тапсырмасы: Биыл Үкімет қазақстандықтардың өміріне қандай жаңалық әкеледі

Үкіметтің ресми сайты маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер топтамасын ұсынады.

Олар:

- Ақшалай кірістерді арттыру,

- Зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды ұлғайту,

- Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және құжат, айналымын цифрландыру,

- Жастарға шағын несиелер беру,

- Ғылым мен жоғары білім беруді дамыту,

- Тұрғын үй құрылысы және жолдарды жөндеу,

- Жаңа рейстердің ашылуы,

Жеті жылдың біреуі: Қазақстанда қандай өзгерістер болды?
Үкіметтің баспасөз қызметі

Президент Ұлттық қордан балаларға қаражат бөлу туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген Ақорда хабарламасында.

 

Елімізде жаңа 5 министрлік құрылды

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен, жаңадан 5 министрлік құрылды.

Олар: Су ресурстары және ирригация министрлігі; Көлік министрлігі; Туризм және спорт министрлігі; Мәдениет және ақпарат министрлігі; Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

Осыған байланысты Марат Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан, Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан; Асхат Оралов Мәдениет және спорт министрі лауазымынан; Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.

 

Ең төменгі жалақы 85 мың теңге

Тоқаев үкімет ең төменгі жалақыны біртіндеп өсіре беретінін, 2024 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі 85 мың теңгеге көтеруге тапсырма берді. Ол еңбекақының ең төменгі мөлшері үш жыл ішінде екі есе көбейтілгенін атап өтті.

 

Кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылық үшін жаза қатаңдайды

Президент кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді тапсырды.

Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың психикалық саулығы - өте маңызды мәселе. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек. Сапалы орта білім алу - әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз - "сапа". Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет, - деді Тоқаев.

Биылдан бастап Аудан әкімдері жергілікті бюджетті өздері басқарады

Президенттің сөзінше, бұл өзгеріс сол жердегі мәселелерді жедел шешу үшін қажет.

Бұдан бөлек, жергілікті бюджетке жиналатын салыққа қатысты жеңілдіктерді анықтау құқығын аймақтардың өзіне беру мәселесін қарастыру керек. Бұл шара бизнестің дамуына үлкен серпіліс әкелмек. Ұсынылып отырған бастама өте маңызды. Келешекте аймақтардың табысты дамуына айрықша ықпал етеді. Сол себепті барлық әкім бюджетаралық қатынастардың жаңа үлгісіне көшу кезінде оның біртұтас мемлекетімізге тигізетін пайдасы және тиімділігі туралы ойлауы керек, - деді Мемлекет басшысы.

 

АЭС салу туралы түпкілікті шешім референдум арқылы қабылданады

Тоқаев жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санайды.

Бейбіт мақсатта қолданылатын атом саласындағы ықпалдастық – энергетикалық ынтымақтастығымыздың негізгі бағытының бірі. Елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікір айтылып жүр. Бір жағынан, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту әлеуеті мол. Еліміз табиғи уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады. Сондай-ақ ядролық отын компоненттерін өз елімізде өндіреміз және уранды изотопты байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе аламыз. Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығарылады. Екінші жағынан, көптеген азаматтар мен сарапшылар атом станциясының қауіпсіздігіне күмән келтіреді. Семей ядролық сынақ полигонының ауыр қасіретін ескерсек, мұны түсінуге болады. Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесінде Ресей тарапының жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалаймыз. Әйтсе де АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады, - деді ел басшысы.

Өзгелердің жаңалығы