Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Конституциядағы Президенттің өкілеттілік мерзімі жеті жылды құрайтындығы және Президент тек бір рет қана сайлана алатындығы туралы ереже өзгеріссіз қалады. Келесі Президент те, келесі Парламент те бұл нормаларды өзгерте алмайды, - деп түсіндірді Парламент кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Әділет министрі Қанат Мусин.
Айтуынша, Конституциядағы 94-баптың 1-қосымшасында жазылған нормалар еш өзгеріссіз қалады.
Ол жерде мемлекеттің аумақтық бүтіндігі, Қазақстанның егемендігі, басқару түрі туралы ережелер бар. Оған Президенттің өкілеттілік мерзімі туралы түзетулер ғана енгізіледі. Норманы өзгертуге болды. Норманың өзгермеуін Конституциялық сот қадағалап, оған енгізілетін кез келген өзгерістің Конституцияға сәйкестігі туралы қорытынды ұсынады. Ол Конституциялық соттың құрамына қарамастан жасалады, - деді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қанат Мусин елімізде Президенттің кезектен тыс сайлауының өту мерзіміне қатысты пікір білдірген болатын.