Әділет министрі Президент сайлауы қашан өтетінін айтты

16 Қыркүйек 2022, 11:39
11886
Бөлісу:
 Әділет министрі Президент сайлауы қашан өтетінін айтты

Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында жариялағандай, кезектен тыс сайлау биыл күзде өткізіледі. Сайлаудың өтетін нақты күнін Президент өзінің жарлығында жариялайды. Сайлау күні белгіленген соң екі ай ішінде сайлау өткізіледі, - деп түсіндірді Парламент кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Әділет министрі. 

Еске сала кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Жаңа заң жобасы бойынша Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге Президент болып сайлаған адамдарға қолданылады. 

Сондай-ақ елорданың атауы қайтадан Астана болып өзгереді.Тағы бір айта кетерлігі,  Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қойылады. Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 8 жылға дейін ұлғайтылады.

Өзгелердің жаңалығы