Жерлестеріміз жағажай самбосынан әлем чемпионатында топ жарды

19 Қыркүйек 2023, 13:42
984
Бөлісу:
Жерлестеріміз жағажай самбосынан әлем чемпионатында топ жарды

Доминикан Республикасының Хуан Долио қаласында жағажай самбосы бойынша өткен әлем чемпионатында 3 бірдей жерлесіміз жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. 

Маргарита Бажаева мен Болат Сапар ІІ орын алса, 88 келі салмақта өнер көрсеткен Ермұхан Естай ІІІ орынды иеленді. Командалық есепте отандастарымызға ІІ орын бұйырды. Жеңімпаздарды әуежайда жанкүйерлері күтіп алып, құрмет көрсетті. 

Айта кету керек, бұл чемпионат осымен 2-ші рет өтті. Алғашқы жарыс 2021 жылы Кипрде болған. Бұл жолғы додаға 34 мемлекеттің спортшылары қатысты. 

Салмағымда 15 бала болды. Америка, Бразилия, Доминикан палуандарымен күрестім. Америкалыққа есе жібердім. Содан кейін ІІІ орынға таласқан кезде Доминикан, Бразилия палуандарын ұттым. Жарыс  жақсы өтті, - деді  самбо мен дзюдодан спорт шебері Ермұхан Естай.

Өзгелердің жаңалығы