Жерлесіміз Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

19 Шілде 2023, 10:18
505
Бөлісу:
Жерлесіміз Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Фото: BAQ.KZ

Маңғыстаулық Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудың файтинг бағдарламасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Маңғыстау облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Әлем біріншілігіне 41 мемлекеттен 500-ден астам спортшы келіп, бақ сынауда.

Әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында маңғыстаулық 7 спортшы бақ сынады.

-62 келі салмақта Әбу Бәкір Жәнібек алтын жүлде алса, күміс жүлдені колумбиялық спортшы, қола жүлдені швеяциялық спортшы және қазақстандық Аслан Қанатбек иеленді.

Осыған дейін Әбу Бәкір ересектер арасында әлем чемпионатының 5 дүркін қола жүлдегері болып, 2023 жылы әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ спортшы ақпан айында Бангкокта (Таиланд) джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған болатын. Әлем чемпионаты 15 шілде басталып, 21 шілдеге дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы