Жергілікті жолдарды қаржыландыру жыл сайын 200 млрд теңгеге артады - Скляр

5 Наурыз 2019, 10:35
1466
Бөлісу:
Жергілікті жолдарды қаржыландыру жыл сайын 200 млрд теңгеге артады - Скляр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет отырысында осылай айтты.


«Бәсекеге қабілеттілік глобалды индексінде автомобиль жолдары жағдайының рейтингі бойынша еліміз 59-шы орында. Сонымен бірге, арнайы сауалнама көрсеткендей халықтың жергілікті жолдардың жағдайына қанағаттану деңгейі 106-шы орында тұр. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының аймақаралық инфрақұрылымды жүйелі дамыту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында жергілікті желідегі автожолдарды қаржыландыру 2018 жылы 156 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Бұл қаржы 4 мың шақырымнан астам жолды жөндеуге мүмкіндік берді», - деді Роман Скляр.

Министрдің айтуынша, еліміз биылдан бастап қымбат күрделі жобалардан үнемді орташа жөндеуге өтеді.

«Мемлекет басшысының Нұр Отан партиясының съезіндегі жергілікті жолдарды дамытуға қосымша қаржы бөлу тапсырмасын орындау аясында қаржыландыру жыл сайын 200 миллиард теңгеге артады. Осындай қарқын келесі жылдарда да сақталады. Бұл 2025-ші жылға дейін шамамен 35 мың шақырым жолды жөндеуге және 95% жергілікті маңызды автожолдардың жағдайын жақсаратуға мүмкіндік береді», - деді Роман Скляр.

Бұған дейін министр ақылы жол учаскелері жайлы айтқан болатын.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Өзгелердің жаңалығы