Жердегі ең көне зат табылды

16 Қаңтар 2020, 07:30
2522
Бөлісу:
Жердегі ең көне зат табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тағы Чикаго университетінің ғалымдары Жердегі ең көне қатты зат тапты. Ол Күн жүйесінен бірнеше миллион жасқа үлкен. Бұл туралы Science Alert басылымы жазды.

Ғалымдар мурчисон метеоритінен алынған кремнилі карбидті зерттеу үшін сканерлейтін электронды микраскоп пен масс-спектрометрияны қолданды. Бұл аспан денесі 1969 жылы қыркүйек айында Австралияға құлаған болатын. Салмағы 10 келіден асатан тас атмосферада жарылып, көптеген бөліктерге шашылып қалған.

Бүгінде 40-тан астам бөлшекте гелийдің 3, неонның 21 изотопы бар екені анықталды. Дәл осы бойынша бұл заттардың жасы анықталды. Сонымен, кремний карбидінің жасы шамамен 4,6-5,5 млрд көрсетті. 

Айта кетейік, Күн жейесінің жасы шамамен 4,6 млрд жасты құрайды.

Ғалымдардың болжамы бойынша бөлшектердің басым бөлігі жаңа жұлдыздардың туылу белсенділігі артқан кезде пайда болған. Бұл жағдай осыдан 7 млрд жыл бұрын орын алған.

Жалпы ғарыштағы кремний карбидінің бөлшегі уақыт өте келе өздігінен құрып кетеді. Алайда осы жолы олар бір үлкен түйінге айналды және өздерін сыртқы жағымсыз әсерден қорғап қалған.

Өзгелердің жаңалығы