Жер сілкінісі кезінде жасалатын қарапайым 10 әрекет

6 Сәуір 2023, 03:49
1331
Бөлісу:
Жер сілкінісі кезінде жасалатын қарапайым 10 әрекет
Фото: pixabay

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жер сілкінісі кезінде не істеу керегін еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құтқарушылар жер сілкінісі кезіндегі қарапайым 10 әрекетті жасау керегін айтты:

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінгенде лифтіні және баспалдақты пайдаланбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден әрірек тұрыңыз;
  • Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
  • Көпқабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  • Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  • Электр желілерінен , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға көмектесіңіз;

Сондай-ақ төтенше жағдайлар департаменті оқыс оқиға кезінде чемоданды қалай жедел жинау керегін түсіндіріп видео дайындады.

Бұған дейін сейсмологтар Алматыда 2 балдық жер сілкінісін тіркегенін хабарланған едік.

 

Өзгелердің жаңалығы