Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі сезілді

6 Сәуір 2023, 02:50
940
Бөлісу:
Алматыда тағы да 2 балдық жер сілкінісі сезілді
Фото: turkystan.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 5 сәуір күні сағат 21.14-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан 74 км қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасты.

Энергетикалық санаты – 10,2.

MPV магнитудасы – 4.5.

Тереңдігі – 5 км.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алма-Арасан шатқалында (Қазақстан) 2 балл қуатымен сезілді.

Еске салайық, бүгін таңғы сағат 7:37-де ҚР ТЖМ-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеген болатын. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 557 км қашықтықта, Қытай аумағында орналасты.

Өзгелердің жаңалығы