Алматы қаласы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі кезіндегі SMS-хабарламаны жіберу мен дабыл қағу туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
SMS-хабарламаны жедел тарату кезінде хабарламалар тұрғындарға кеш жететінін тәжірибе көрсетті. Өйткені біріншіден ол халық тығыздығы, ұялы байланыс операторлары ақпаратты өңдеуге үлгермейді, сәйкесінше жедел ақпарат кеш жетеді. Ал ауа райы бойынша Қазгидрометтен ақпаратты алдын ала алып, бір күн бұрын тұрғындарға ауа райы бойынша ақпаратты жібере бастаймыз. Ал жер сілкінісі жағдайында SMS-хабарлама таратудан ақырындап алшақтадық, - деді Атығаев.
Сондай-ақ ол Төтенше жағдайлар департаментінің жер сілкінісіне байланысты брифингінде сиреналар неге қосылмағанын түсіндірді.
Біздің қалада 843 электросирена бар. Ол қаланы 100 пайыз қамтиды. Бірақ сирена магнитудасы 5,5-тен асқан сейсмикалық жағдайларда ғана қосылады. Ал кеше 4-тен 5 балға дейін болды. Сондықтан сиренаны қосудың қажеттілігі де мәні де болмады. Ол халықты одан әрі дүрліктірер еді деп ойлаймын, - деді ол.
Бұған дейін Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы директоры Дәулет Сәрсенбаев "біздің сейсмикалық комиссия елдегі 5,5 бал және одан жоғары магнитудағы немесе қауіп төндіретін сейсмикалық оқиғаларды бағалауға бағытталғанын" айтты.