Жер сілкінісі. Алматыда 384 қабылдау пункті жұмыс істейді

22 Ақпан 2024, 11:38
23480
Бөлісу:
Жер сілкінісі. Алматыда 384 қабылдау пункті жұмыс істейді
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда жылына 200-ге жуық жер сілкінісі тіркеледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді.

Алматы қаласы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз сезілмейтін жер сілкінісі тіркеледі. 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим. Өткен жылы 5,5 мыңнан астам сейсмикалық жаттығулар өткізілсе, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қала объектілерінде 191 сейсмикалық жаттығу өткізілді. Алматыда зардап шеккен халықты қабылдайтын 384 қабылдау пункті жұмыс істейді, – дейді Нұрлан Атығаев.

Өзгелердің жаңалығы