Жер сілкінісі. Алматы облысындағы көпірлер тексерілді

4 Наурыз 2024, 16:26
383
Бөлісу:
Жер сілкінісі. Алматы облысындағы көпірлер тексерілді
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі

"ҚазАвтоЖол" ҰК Алматы облысының автожолдарындағы қазіргі жағдайды баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мәліметінше, Алатау бөктеріндегі жер сілкінісінен кейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Алматы облыстық филиал қызметкерлері шұғыл әрекет етті. 

Жалпы ұзындығы 1544 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар күре жолдардағы көпірлер тексеріліп, бақылауға алынды. Қазір барлық 179 көпірдің негізі тұрақты, ақаулар мен жарықшақтар жоқ. Дегенмен олар жол қызметкерлерінің жіті бақылауында болады, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.

Өзгелердің жаңалығы