Жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы жаңа қызметке тағайындалды

26 Мамыр 2023, 09:19
767
Бөлісу:
Жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы Мұрат Теміржанов БҰҰ ФАО субөңірлік Еуразиялық топырақ серіктестігінің (EASP) төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл күндері Ташкентте ұйымның 6-шы пленарлық отырысы өтіп, қатысушылар оның кандидатурасын қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Айта кетейік, EАSP Еуразиялық кеңістіктің 12 елінің өкілдерін біріктіреді, олар Қазақстан, Түркия, Ресей, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Молдова, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан. Ұйымның негізгі міндеті жер ресурстары, оның ішінде топырақты ұтымды пайдалану және олардың деградациясына қарсы күрес саласындағы өңірдің ерекше мәселелерін шешу болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы