Жер ресурстары департаментінің басшысы пара бойынша күдікке ілінді

18 Шілде 2023, 13:00
520
Бөлісу:
Жер ресурстары департаментінің басшысы пара бойынша күдікке ілінді
Фото: Нұркен Алишев - архив

ҚР АШМ Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы пара алу бойынша күдікті, деп хабарлайды BAQ.KZ Антикорға сілтеме жасап.

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен облыстық Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы және оның сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Олар жеке кәсіпкерді 18 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп күдіктенуде. 

Қаражат Түркістан қаласында коммерциялық құрылыс салу үшін жер учаскесін беруге арналған. Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген таратылған ақпаратта.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы