Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған кезекті электрондық аукцион өтті

24 Желтоқсан 2022, 12:29
1358
Бөлісу:
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған кезекті электрондық аукцион өтті

Қазақстанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған кезекті электрондық аукцион өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аукцион 34 жер қойнауы учаскесі бойынша өтті, оның қорытындысы бойынша 32 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион жеңімпаздары анықталды, аукцион өткізілетін күні тіркелген қатысушылардың болмауына байланысты 2 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион өткізілмеді.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің 100-бабына сәйкес аукцион жеңімпазы аукцион қорытындылары жарияланған күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде (1) қол қою бонусын төлейді және (2) құзыретті органға қол қойылатын бонустың төленгенін растауды және өз тарапынан қол қойылған құзыретті орган бекітетін көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған үлгілік келісімшартқа сәйкес әзірленген көмірсутектерді барлауға және өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартты жібереді.

Осыған байланысты, жоғарыда айтылған мерзім өткеннен кейін Энергетика министрлігі электрондық аукцион қорытындысы бойынша соңғы ақпаратты ұсынатын болады. 

Өзгелердің жаңалығы