Жер аманаты комиссиясы жүйелі шаралар қабылдайды – Әбенов 

22 Маусым 2022, 15:00
1630
Бөлісу:
Жер аманаты комиссиясы жүйелі шаралар қабылдайды – Әбенов 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов Жер аманаты комиссиясының жұмысы туралы өткен брифингте айтты.

Мұрат Әбенов ауылда жер талан-таражға түсіп кеткендіктен, ауыл азаматтары қалаға қоныс аударуға және қалаға келген соң да үйсіз-күйсіз, жұмыссыз жүруге мәжбүр болып отырғанын айтты.

Біз жүйелі шаралар қабылдауға ықпал етуіміз керек. Мұнда сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі бар екені түсінікті. Онымен құқық қорғау органдары айналысады. Бірақ екінші жағынан қоғам алдындағы жауапкершілік, қоғамдық ұстаным да бар. Оны бүгін «AMANAT» партиясы көтеріп отыр, - деді ол.

Еске сала кетейік, өткен аптада «AMANAT» партиясының араласуымен Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғындары 80 мың гектардан астам жайылымдық жерге қол жеткізді.

Жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған жайылымдар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, ауыл әкімдері және жергілікті қоғамдастық арасындағы меморандум аясында берілді.

Ал мәселені жүйелі шешу үшін партия қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге қол жеткізуге ниетті.

Өзгелердің жаңалығы