Жеңіс Қасымбек: Қызылорда-Жезқазған жолы жаңартылады

28 Қыркүйек 2019, 10:45
2396
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек: Қызылорда-Жезқазған жолы жаңартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының жаңадан тағайындалған әкімі Жеңіс Қасымбек қарағандылықтарға үндеу жариялады. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Менің атыма сіздерден көп сұрақтар келіп түсуде. Мынау ірі, мынау ұсақ сұрақ деп бөлмеймін. Олардың барлығы маңызды. Дәл қазіргі уақытта халықты негізінен қоғамдық көлік, жолдар, тілдерді дамыту және әлеуметтік қолдау мәселелері толғандырып отырғанын көріп отырмын. Олардың көпшілігі шешілуде. Мысалы үшін, Қызылорда-Жезқазған жолын алайық. Жобалық-сметалық құжат әзірлеу келесі жылдың жазында аяқталады. Әкімдік орталық органдармен бірлесе отырып, 2020 жылдың екінші жартысында осы жолды қайта жаңартуды бастау үшін барлық шараларды қолға алуда" - деді әкім.

Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек өзіне жолданған кез келген ұсыныс пен хабарламаның назардан тыс қалмайтынын айтты.

іздердің өтініштеріңізді зерделей отырып, ТКШ, тұрғын үй, мектептер мен ауруханалар құрылысы мәселелеріне де ерекше назар аудару қажеттігін көріп отырмын. Тағы қайталап айтамын, маған келіп түскен хабарламалар мен сұрақтардың ешқайсысы да назардан тыс қалмайды. Сәйкесінше анализ жүргізіліп, жұмыс барысында негізге алынады" - деді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы