Жеңіс Қасымбек қарағандылықтарға үндеу жариялады

11 Маусым 2020, 21:50
1330
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек қарағандылықтарға үндеу жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек облыс халқына арнап арнайы үндеу жариялады.

Құрметті облыс тұрғындары! Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай бүгінгі күні коронавирус бойынша жағдай күрделі. Оған статистикалық деректер дәлел. 2020 жылғы 20 наурыз бен 11 маусым аралығында 1290 жағдай тіркелді. Соңғы мәлімет бойынша тағы 52 адам тіркеліп отыр. Өкінішке орай, осы аралықта облысымыздың 7 тұрғыны қаза тапты. Мен олардың туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамын. Әрине, науқастарда ілеспе аурулар мен жастарына байланысты тәуекелдер болды - делінген әкім үндеуінде.

Қазіргі уақытта қалыптасып отырған жағдай, азаматтардың өзін-өзі оқшаулау, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты санитарлық талаптарды сақтамай отырғандықтарын көрсетіп отыр.

Көптеген ескертулерге қарамастан азаматтар карантиндік қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарауда. Мен осы кезеңде жауапкершілік танытып, өзін және жақындарын барынша сақтандырған азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Тиісті шараларды қабылдап, санитарлық дәрігерлердің талаптарын сақтау уақыт талабы. Сондай-ақ өз қызметін тоқтата тұруға мәжбүр болған, бірақ осыған қарамастан өзінің бизнесі мен жұмыс орындарын сақтап қалған кәсіпкерлерге шыдамдылық пен табандылық танытқандары үшін рақмет айтқым келеді. Көптеген азаматтар үшін бұл күрделі кезеңнің әлі де аяқталмағанын білемін - деді әкім өз үндеуінде.
Өзгелердің жаңалығы