Жеңіс күні: Кімдерге 1 млн теңге төленеді?

6 Мамыр 2021, 14:52
2319
Бөлісу:
Жеңіс күні: Кімдерге 1 млн теңге төленеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов айтты.

Жыл сайын біржолғы материалдық көмек төлеу дәстүрге айналды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар 6,4 млрд теңге бөлді, - деді ол.

Бұл қаражат төмендегі азаматтардың санаттарына беріледі:

- Екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылары мен мүгедектері;

- Қоршаудағы Ленинград тұрғындары;

- концлагерлердің;

- қайтыс болған Екінші дүниежүзілік соғысы мүгедектерінің әйелдері (күйеулері);

- Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде қаза тапқандардың жесірлері;

- тыл еңбеккерлері;

- Екінші дүниежүзілік соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа да тұлғалар.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне Жеңіске үлес қосқан азаматтардың барлық көрсетілген санаты үшін материалдық көмектің ең төменгі кепілді шегін белгілеуді ұсынды. Нәтижесінде, барлық өңірлерде Екінші дүниежүзілік соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді. Қоршаудағы Ленинград тұрғындары мен концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына кемінде 50 мың теңге берілді, - деп атап өтті вице-министр.

Одан бөлек, оның сөзінше, Екінші дүниежүзілік соғысында қайтыс болған мүгедектердің әйелдеріне, Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне және соғыс жылдары тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңге берілді.

Төлемдер 14 облыста жүргізілді. Қалған 3 өңірде төлемдер 9 мамырға дейін аяқталады.

Сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 76 жылдығын мерекелеу құрметіне ардагерлерге естелік сыйлықтар табыс етіледі.



Өзгелердің жаңалығы