Жеңіс Қасымбек Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 Желтоқсан 2020, 18:14
1813
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қарағанды обылсының әкімі Жеңіс Қасымбек өңір жұртшылығын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. 

Облыс әкімі жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтай келе өңірдің тәуелсіздік жылдарына ел дамуына қосқан үлесі жайында баяндап өтті.

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ретте Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен нығаюына Қарағанды облысының елеулі үлес қосқанын мақтанышпен атап өткім келеді. Сарыарқаның төсінде орын тепкен бұл қасиетті өлке Қазақстанның өнеркәсіптік орталығы. Тәуелсіздік жылдарында өңірдің индустриялық картасында жаңа өндірістік кәсіпорындар пайда болды. Шаруа қожалықтары дамып, астық, картоп және көкөніс өндірісі 1,5 есеге өсті. Шағын және орта бизнес секторы құрылып, қанатын кеңге жайды. Қазір облыстың экономикалық белсенді халқының үштен бірі кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді, - деді ол.

Әкім 1991 жылдан бастап облыста 7,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өтті.

Халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 1,4 есеге ұлғайды. 380 балабақша мен шағын орталық, 60 мектеп, 48 медициналық мекеме, 67 спорт және 273 мәдениет нысаны салынды. Бұл сандардың артында облыстың әрбір тұрғынының зор еңбегі тұр. Бұл күндері көптеген жерлесіміз атқарған еңбектері үшін лайықты марапаттарға ие болды. Жерлесіміз «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин Қазақстанның Еңбек Ері атағына ие болып, мемлекет басшысының қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» алтын жұлдызын алды. Барлық облыс тұрғындарының атынан Вадим Борисовичті осы айтулы марапатқа ие болуымен шын жүректен  құттықтаймын,-деді Қасымбек.



Өзгелердің жаңалығы