Жеңіс Қасымбек: 29 мамырға дейін аграршылар егіс науқанын аяқтауды жоспарлап отыр

20 Мамыр 2021, 01:11
1504
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек: 29 мамырға дейін аграршылар егіс науқанын аяқтауды жоспарлап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Абай ауданында болып, көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. Бұл туралы әкім facebook-тегі парақшасында жазды. 

Ауданда 736 шаруа және фермер қожалықтары жұмыс істейді. Фермерлер өздерінің капиталы мен ресурстарын нығайту мақсатында өндірістік кооперативтерге бірігеді. Мысалы, Юбилейный ауылдық округінің «Жанат» өндірістік кооперативіне 10 шаруа қожалығы кірді. Бүгінгі таңда кооперативтің аумағы 1 595 гектарды құрайды. Сондай-ақ 5000 тоннаға арналған 2 картоп қоймасы және 82 бірлік техникасы бар. Ал биыл сыйымдылығы 4000 тонна астықты құрайтын қойманың құрылысы аяқталады, – деп жазды облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.
Биылға жоспарланған егіс көлемінің жартысынан астамын «Астра-Агро ЛТД» ЖШС аграршылары ойдағыдай орындады. 
Серіктестіктің негізгі жұмыс бағыты – тұқымдық картопты өсіру. Сонымен қатар мұнда 500 басқа арналған сүт-тауар фермасы салынып жатыр.
Көксу ауылдық округіндегі «Шанс» шаруа қожалығы облыстағы ең ірі шаруашылықтардың бірі. Қожалықтың жер аумағы 35 мың гектарды құрайды. Шаруашылықта 41 мың тоннаға арналған 5 картоп қоймасы және 20 мың тоннаға арналған 4 астық қоймасы бар. Биыл мұнда құрама жем зауыты салынып, Petkus астық тазалау машинасы сатып алынды. Шаруашылық 400 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салып жатыр, – деді облыс әкімі.
29 мамырға дейін аграршылар егіс науқанын аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты.
Жалпы облыс бойынша егіс науқанына 19,7 мың адам және 15 мыңнан астам техника қатысуда. Жаздық егіс көлемі 1057 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылдың деңгейінен 40 мың гектарға артық. Сондай-ақ 940 000 га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 34 500 га майлы дақылдар, 11 000 га картоп және 1800 га көкөніс отырғызылады, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.


Өзгелердің жаңалығы