«Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының иегерлері кімдер?

23 Желтоқсан 2022, 09:35
2183
Бөлісу:
«Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының иегерлері кімдер?
PHOTO

22 желтоқсанда Астана қаласында спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты кеш кезінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар, бапкерлер, сала мен түрлі мекемелердегі өзге де таңдаулы мамандарды, спорт журналистерін марапаттап, жыл бойы атқарған еңбегіне құрмет көрсетті. 

«Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының иегерлері кімдер?

Қазылар алқасы таңдаған 14 номинация бойынша 20 үздік келесідей:

1) «Жылдың үздік спортшысы» – Жәмила Бақбергенова (жазғы спорт түрлерінен) мен Александр Герлиц (қысқы спорт түрлерінен);

2) «Жылдың үздік жаттықтырушысы» – Нұрсұлтан Теміров (жазғы) пен Антон Жданович (қысқы);

3) «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы» – Ұлттық коньки тебушілер федерациясы

4) «Жылдың үздік спорт мекемесі» – Атырау облысы «Мүгедектердің спорт ұйымы»;

5) «Жылдың үздік спорт өңірі» – Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы;

6) «Ауылдағы үздік жаттықтырушысы» – Дастан Канатбекұлы Балабеков (Жетісу облысы);

7) «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің үздік маманы» – Ирина Новикова мен Елена Галиц (Астана);

8) «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы» – Самат Сапишев (Шымкент);

9) «Ойын түрлері бойынша үздік спорт командасы» – «Қуаныш» волейбол клубы (СҚО);

10) «Ауылдағы үздік дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері» –Бекжан Адамбеков (Түркістан облысы);

11) «Жыл жаңалығы – үздік спортшы» – Елена Рыбакина;

12) «Жылдың үздік меценаты» – Қайырбек Сәдуақасұлы Хамзин (СҚО);

13) «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы үздік спортшы» – Алан Құрманғалиев (үстел теннисі), Евгений Федоров (велоспорт), Мария Бровкова (каноэде ескек есу);

14) «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы үздік спорт журналисі»  номинациясы – Аслан Қаженов (Үздік телевизиялық репортаж), Ғалым Сүлеймен (Үздік фоторепортаж), Бек Төлеуов (Үздік жарияланым):

Әуелі барлық жүлдегерді құттықтағым келеді. Биыл атап айтар жеңістеріміз де көп болды. Бүгін сол сәттің қаһармандары осында жиналды. Мемлекет спорты дамыту, спортшыларды ынтадандыру бойынша бар жағдайды жасап жатыр. Ел спортына серпін беретін бірқатар Заңнама да қабылданды. Десе де алда жұмыс көп. Келесі жылы Олимпиадаға дайындықтың қызар шағы. Біздің құрамалар барынша көп жолдама иеленуге барын салмақ. Ал мақсат - Париждегі басты бәсекеде сәтті өнер көрсету, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев. 

Марапаттау барысында Айдана Меденова, Ескендір Ибрагим, Давид Чарлин, Jumyr Qylysh тобы,  Гүлнұр Оразымбетова, Ақтоты Болшова сынды отандық эстрада әртістері өнер көрсетсе, Сырым Қашқабаев, Гүлмира Дайрабаева мен Санжар Мәди кештің тізгінін ұстады.

«Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының иегерлері кімдер?

Бұл сыйлықтың мақсаты – ел спортын дамытуға үлес қосу, насихаттау, енді қалыптасып келе жатқан спортшыларды бұдан биік шыңдарды бағындыруға жігерлендіру. Жылды қортындылайтын бұл сыйлық енді дәстүрлі түрде өтеді.

Өзгелердің жаңалығы