Жеңілдетілген автонесиені қалай алуға болады?

1 Ақпан 2023, 11:29
2006
Бөлісу:
Жеңілдетілген автонесиені қалай алуға болады?
PHOTO

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау платформасы іске қосылады. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Ғалымжан Әди жеңілдетілген автонесиенің жаңа қағидаттарын түсіндірді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Естеріңізде болса, былтыр жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге қаржы бөлінді. Бағдарларманың нақты іске асуы 2021 жылы мамыр айында басталды. Бүгінгі таңда былтыр бөлінген қаржыға 12 600-ден астам автокөлік сатылып, олардың орташа бағасы 7,8 млн болды, - деді ол арнайы өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Жеңілдетілген автонесиені қалай алуға болады?

Сонымен жеңілдетілген автонесиені қалай алуға болады?

Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосылуға болады. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар.

1.Электронды-цифрлы қолтаңба (ЭЦП) арқылы авторизациялау. Бағдарламаға қатысушылар тізіміне қосу.  

2.Дилерлік орталыққа жүгіну.  Төлем шотын ашу.

3. Банкке жүгіну. Кепілдік хатын алу.

4. Автокөлікті ресімдеу.  

 

Өзгелердің жаңалығы