Жеңілдетілген автонесие: Жаңа талаптар енгізілуі мүмкін - министр

24 Қаңтар 2023, 13:15
1199
Бөлісу:
Жеңілдетілген автонесие: Жаңа талаптар енгізілуі мүмкін - министр

Елімізде жеңілдетілген автонесиені рәсімдеу талабы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі 

Берілген несие сомасы 10 миллион теңгеге дейін, көлік құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Бұл халықтың қолжетімді көліктері болуын қамтамасыз ету, бұл бағдарламада қымбат көліктер болмауы үшін. Бағдарламаны айдың соңына дейін бастауға тырысамыз, - деді Марат Қарабаев Үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Ведомства басшысының айтуынша, осы аптада Индустриялық даму қоры брифинг өткізеді, онда бағдарламаны қашан басталатыны нақты айтылады.

Бұл жерде мәселе тұтастай алғанда бағдарламаның тетігін қайта қарау туралы болып отыр. Егер бұған дейін олар алдымен автосалондарға жүгінсе, кейін банкке барса, енді Индустриялық даму қоры басқа механизмді ұсынады.  Олар ең алдымен алдымен өнеркәсіпке жүгінеді. Даму қорында электронды кезек пайда болмақ, одан кейін автосалондар өздерімен келісілген белгілі бір мерзімде автокөлікті бере бастайды, - деп түсіндірді министр.

Өзгелердің жаңалығы