Жеңілдетілген автонесие кезегін онлайн тексеруге ​​болады

3 Наурыз 2021, 04:19
6637
Бөлісу:
Жеңілдетілген автонесие кезегін онлайн тексеруге ​​болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа қызмет екінші деңгейдегі банктердің веб-сайттарында қолжетімді.

Қазақстанның даму банкі жеңілдетілген автонесие алушыларға арналған жаңа қызметтің іске қосылғанын мәлімдеді. Енді несие кезегіндегі орныңызды онлайн біле аласыз. Жаңа қызмет бағдарламаға қатысатын банктердің веб-сайттарында қолжетімді.

Ақпарат алу үшін несиені мақұлдау туралы шешімнің нөмірін және таңдаған машинаңыздың қай зауытта шығарылатынын білуіңіз керек. Немесе ЖСН арқылы тексере аласыз.

ҚДБ мәліметінше, 2021 жылы 28 қаңтарға дейін екінші деңгейлі алты банк жалпы сомасы 135,8 млрд теңге болатын 27 мыңға жуық жеңілдетілген несие берген. Қазақстанда жеңілдікпен ең көп сатып алынған модель — Hyundai Tucson кроссовері (3 мыңнан астам). Екінші орында Hyundai Elantra (2593 дана) тұр. Ал үздік үштікті Өскемендегі «Азия Авто» зауытында шығарылған Kia Sportage (1791 дана) түйіндейді.

Бүгінде бірнеше мың адам жеңілдетілген несие алу үшін кезекте тұр. Олардың несиелеріне ақша осы бағдарлама бойынша көлік алғандардың ай сайынғы төлемінен жиналады. Яғни, процесс жылдам емес деген сөз. Алайда 2021 жылдың II немесе III тоқсанында екінші деңгейлі банктердің шотына тағы 20 миллиард түседі деген ақпарат бар.

Өзгелердің жаңалығы