Жеңілдетілген автонесие алу үшін екі мыңнан астам адам өтініш берген

17 Мамыр 2022, 12:35
1241
Бөлісу:
Жеңілдетілген автонесие алу үшін екі мыңнан астам адам өтініш берген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кешеден бастап қазақстандық екі банк жеңілдетілген автонесие алуға өтініштер қабылдауды бастады.Бұл туралы Үкімет кулуарында индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлімдеді.

Біз кешеден бастап өтініштерді қабылдауды бастадық. Екі банк – «Банк ЦентрКредит» және «Еуразиялық банк» автонесие алуға өтініш қабылдауды бастады. Орта есеппен екі банкке 2200-ден астам өтініш қабылданып, қазір олар қаралу үстінде. Қалған банктер бойынша, кеше әріптестер айтқандай, корпоративтік процедуралар аяқталуда. Жақын арада бұл процедуралар аяқталған соң өтініштерді қарау басталады, - деді журналистерге Олжас Сапарбеков.

Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Батыс Қазақстанның жолдарын жөндеу үшін 56 млрд теңге қаржы бөлінгенін айтқан болатын. 

Еске салайық, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2015 жылы іске қосылған болатын. Бағдарлама шарттарына келсек, 1 жеңіл автокөлік құны – 15 млн теңгеден, несие мерзімі – 7 жыл­дан, соңғы қарыз алушы үшін но­ми­налдық сыйақы мөлшерлемесі жыл­дық 4%-дан аспауға тиіс.


 

Өзгелердің жаңалығы