Жеңілдетілген 4 пайыздық несиемен көлік алу жолдары қандай

27 Мамыр 2022, 11:16
2469
Бөлісу:
Жеңілдетілген 4 пайыздық несиемен көлік алу жолдары қандай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу бойынша директоры Ербол Сейпілов  "Желмая" жобасында 4 пайызбен берілетін автонесиені қалай алуға болатынын  айтты.

Бұл бағдарламаланың алдыңғы бағдарламадан айырмашылығы бар. Өйткені мұнда бір адамға берілетін несие сомасы  10 млн-нан аспауы қажет. Бірақ осыған орай көліктің бағасы 15 млн-нан аспайды. Яғни, сізге 15 млн теңгенің көлігі ұнаса, сіз банкке барып өтініш бересіз.  Банк сізге 10 млн мақұлдайды, қалған 5 млн теңгені өзіңіз төлейсіз.  Яғни, 5 млн теңгені өз қалтаңыздан төлеп 10 млн теңгені несиеге рәсімдеуге мүмкіндігіңіз бар. Кейде азаматтар 10 млн теңгеге бастапқы жарна бермей қойды деп жатады. Неге олай десеңіздер, бұл жерде әрбір адамның төлеу қабілеті қаралады. Егер 0 пайызға ала алатын жалақыңыз болса,  егер жетпеген жағдайда алғашқы жарнаны қосу қажет, - деді Ербол Сейпілов.

Оның айтуынша, жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ спикер журналистің «халықтың бәрі бірдей үміттене ала ма?» деген сұрағына жауап берді.  

10 мың адам көп емес, әрине. Биыл автомобиль өндірісі 100 мыңнан астам көлік шығарамыз дейді. Былай қарасақ, соның 10-ақ пайызы. Жалпы, елімізде 3,8 млн көлік бар. Оның 50 пайызы 20 жылдан асқан көліктер. 4 пайыздық автонесие бағдарламасы ең алдымен әлеуметтік және автопаркті жаңартуға арналған жоба. Бұл бағдарлама жылда жалғасады. 100 млрд теңге бөлу осымен тоқтап қалмайды, - деді Сейпілов "Желмая" жобасында.  

Өзгелердің жаңалығы