Жеңіл атлетикадан Х жабық Азия чемпионаты өтеді

30 Қаңтар 2023, 16:57
1342
Бөлісу:
Жеңіл атлетикадан Х жабық Азия чемпионаты өтеді
Фото: gurk.kz

2023 жылдың 10-12 ақпан аралығында Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық жайдағы 10 Азия Чемпионаты өтеді. Ауқымды іс шараға 500-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Чемпионат Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. Жарыс Азия жеңіл атлетика қауымдастығы күнтізбесіндегі ең маңызды жеңіл атлетикалық іс-шараларының бірі. Айта кетейік жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Азия Чемпионаты ТМД елдері аумағында алғаш рет өткізілуде. Жарысқа 31 дан астам елден келген спортшылар қатысады деп жоспарлануда. Байрақты бәсекеде спортшылар жүгіру, лақтыру, секіру және көпсайыс секілді 26 спорт түрінен сынға түседі. 

ӘЙЕЛДЕР

1. Жүгіру - 60 м;

2. Жүгіру - 400 м;

3. Жүгіру - 800 м;

4. Жүгіру -  1500 м;

5. Жүгіру - 3000 м;

6. Кедергілермен 60 жүгіру;

7. Ұзындыққа секіру;

8. Биіктікке секіру;

9. Үш қарғып секіру;

10. Сырықпен секіру;

11. Ядро итеру;

12. Эстафета-4x400 м;

13. Бессайыс.

ЕРЛЕР

1. Жүгіру - 60 м;

2. Жүгіру - 400 м;

3. Жүгіру - 800 м;

4. Жүгіру - 1500 м;

5. Жүгіру - 3000 м;

6. Кедергілермен 60 жүгіру;

7. Ұзындыққа секіру;

8. Биіктікке секіру;

9. Үш қарғып секіру;

10. Сырықпен секіру;

11. Жетісайыс;

12. Эстафета-4x400 м;

13. Ядро итеру.

Жарыстың ашылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Әл-Хамад, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика Федерациясының президенті – Даниал Ахметов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығының кеңес мүшелері, Азия елдері федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен қазақстандық спорт қайраткерлері қатысады.

Өзгелердің жаңалығы