Жеңіл атлетикадан астанада өтетін Азия чемпионаты бір жылға шегерілді

16 Қаңтар 2022, 19:00
1500
Бөлісу:
Жеңіл атлетикадан астанада өтетін Азия чемпионаты бір жылға шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Нұр-Сұлтанда өтетін жабық ғимараттағы Азия чемпионатының кейінге шегерілгенін мәлімдеді. 

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап, «Омикрон» штамының өршуіне байланысты Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы жабық ғимараттағы Азия біріншілігінің 2023 жылға шегерілгенін мәлімдейді, - делінген хабарламада. 

Айта кетелік, Азия чемпионаты биылғы жылдың ақпанында Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс болған.

Өзгелердің жаңалығы