Жемқорлық үшін сотталған полицей әріптестерін адал жұмыс істеуге шақырды

9 Ақпан 2023, 19:20
862
Бөлісу:
Жемқорлық үшін сотталған полицей әріптестерін адал жұмыс істеуге шақырды
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Павлодар облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің мамандары жемқорлық қылмыстарын алдын алу, қылмысқа қарсы иммунитет қалыптастыру бағытындағы шараларды қолға алуда, деп хабарлайды BAQ.KZ  Павлодардағы тілшісі.

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылуда. Солардың бірі – мамандарды парақорлық, жемқорлық үшін сотты  болыпғ жазасын өтеп жатқан азаматтармен кездесу ұйымдастыру.

Осы жылы түзеу құқыққорғау органдарының мамандары үшін түзеу мекемелеріне экскурсия ұйымдастырдық. Себебі, өткен жылы полицейлер арасында төрт лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Жемқорлыққа жол бермеу үшін профилактикалық шараларды көптеп өткіземіз, - дейді Павлодар облысы бойынша сыбасла сжемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Дархан Құрақбаев. 

Тәртіп сақшылары №44 түзеу колониясында болды. Олар түрмеде жазасын өтеп жатқан бұрынғы жол полициясы қызметкерімен бетпе бет жүздесті. Бұрынғы тәртіп сақшысы әріптестерін адал еңбек етуге шақырды. Себебі, парақорлықтың соңы жақсылыққа апармайды.

Жол полицейі пара алғаны үшін сотталды. Бүгінде бас бостандығынана йырылған. Ол істі болған соң анасынан айырылып, отбасынсыз қалғанын айтты. Сонымен қатар, достары мен әріптестері де тастап кеткен. Осы тектес оқиғалар бүгінгі мемлекеттік қызметтегі азаматтарды пара алмауға, заңға қайшы еңбек етпеуге үйретеді,  - дейді мамандар. 

Сала өкілдері осы тектес шаралар жемісін береді деген сенімде. 

Өзгелердің жаңалығы