Жемқорлықтың ең жоғары үлесі – заңсыз сыйақы беру

15 Наурыз 2021, 15:49
3458
Бөлісу:
Жемқорлықтың ең жоғары үлесі – заңсыз сыйақы беру

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Facebook-тегі ресми парақшасында «Әкімшілік тәжірибе - сыбайлас жемқорлықты алдын алудың тиімді құралы» тақырыбы аясында өткен онлайн кездесу барысында агенттік төрағасының кеңесшісі Анар Жарова айтты. 

2015-2020 жылдар аралығында жалпы еліміз бойынша 338 әкімшілік сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның бөлімшелерінде 294 факт тіркелген, - деді ол.

2021 жылдың басынан бері заңсыз сыйақы алу туралы 177-бап бойынша бір ғана материал анықталды. Өңірлік бөліністегі динамика көрсеткішіне сай, осы алты жыл ішінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында, сондай-ақ елордада тіркелген.

Егер құқық бұзушылықтардың түрлері бойынша қарайтын болсақ, онда ең көп үлесті заңсыз сыйақы беруге байланысты құқық бұзушылықтар құрайды. Олардың жалпы массасы 208 немесе 61%. Анықталған әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың ең көп мөлшері 2015 жылға келеді, - деді Анар Қалқаманқызы.

Ол бұған дейін агенттік құзыретін заңнамалық бөлу әкімшілік сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды анықтау жөніндегі өз функцияларын толыққанды іске асыруға мүмкіндік беретінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы