ANTIKOR басшысы Мемлекетаралық кеңес төрағасы болып сайланды

9 Қыркүйек 2021, 09:12
2908
Бөлісу:
ANTIKOR басшысы Мемлекетаралық кеңес төрағасы болып сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы М. Ахметжанов ТМД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекетаралық кеңестің төрағасы болып сайланды.

Бұл туралы ANTIKOR News хабарлады.
 

 

ТМД Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл байынша мемлекетаралық кеңестің (бұдан әрі-кеңес) VI отырысы онлайн форматта өтті.

Кеңес қатысушы мемлекеттер қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы бірлескен іс-қимылдарды және міндеттемелердің орындалу мониторингін үйлестіреді.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы М. Ахметжанов кеңес төрағасы болып сайланды.

Кеңес отырысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ТМД қатысушы мемлекеттерінің бас прокурорлары мен мамандандырылған органдарының басшылары қатысты.

М. Ахметжанов өз сөзінде Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты оның барлық түрінде жоюға бағытталған мақсатты бағытты ұстанатынын және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті.

Ол сондай-ақ қылмыстық процесті жаңғыртуға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтарға және Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларға ерекше назар аудара отырып, әріптестерін елде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды.

 


 

Өзгелердің жаңалығы