Жем өзеніндегі су деңгейі 85 см-ге төмендеді

14 Сәуір 2024, 11:01
339
Бөлісу:
Жем өзеніндегі су деңгейі 85 см-ге төмендеді
Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингі 14 сәуір сағат 8-дегі жағдай бойынша мәлімет ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының Жайық өзеніндегі су деңгейі өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен  өзгерді:    

  •  Жайық өзені – Индербор кентінің су бекетіндегі деңгейі 525 см., су деңгейінің көтерілуі +9 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу деңгейі 302 см құрайды.,
  •  Жайық өзені – Махамбет кенті бойынша су деңгейі 640 см., су деңгей + 16 см,  су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 323 см құрайды.,    
  •  Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 364см., су деңгейінің көтерілуі +12см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су деңгейінің  көтерілу 173 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

14 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу көлемі 447 м3 / с құрайды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Жем өзеніндегі су деңгейі 85 см-ге төмендеді. Мемлекеттік бақылау желісіндегі гидрологиялық мониторинг деректері бойынша, 2024 жылғы 14 сәуір, сағат 8-дегі жағдай бойынша Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылындағы гидропункттегі Жем өзеніндегі су деңгейі 85 см-ге төмендеді.

Су тасқыны басталғаннан бері Құлсарыда коммуналдық қызметтер 11 мың текше метрден астам су сорды. 13 сәуірден 14 сәуірге қараған түні судан құрғатуға 51 бірлік техника жұмылдырылды, вакуум машиналары 461 рейс жасады, - деді "Жылыой Тазалық" ЖШС директоры Бауыржан Құсман. 

Өзгелердің жаңалығы