Желтоқсанда берілсін: Вице-министр Қосшыдағы депоны қарап шықты

15 Тамыз 2023, 09:07
934
Бөлісу:
Желтоқсанда берілсін: Вице-министр Қосшыдағы депоны қарап шықты

14 тамызда жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Қосшы қаласындағы өрт сөндіру депосының салынып жатқан объектісіне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда Қосшы қаласында мемлекеттік өртке қарсы қызмет жоқ. 2022 жылы республикалық бюджет есебінен ауданы 1 га жер учаскесінде 4 шығуға арналған өрт депосы кешенінің құрылысы басталды, ғимараттың жалпы ауданы 2 269 м. шаршы метр. Өрт сөндіру депосы кешенінің аумағында тұрғын үй, өрт сөндірушілердің жоспарлы дене шынықтыру сабақтарына арналған спорт алаңы орналасатын болады, - делінген Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өрт депосы Қосшы қаласының тұрғындарын жалпы саны 50 000-нан астам адамды өрт апатынан қорғауды қамтамасыз етеді және өрт орнына келу уақытын едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Сапар қорытындысы бойынша вице-министр инженерлік желілердің коммуникациялары мәселелерін жедел шешуді және ағымдағы жылдың желтоқсан айында нысанды пайдалануға беруді тапсырды.

Сонымен қатар судағы қауіпсіздікті жүзеге асыратын бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарланып отыр.

Облыс бойынша барлығы төрт суда құтқару станциясы жұмыс істейді, олар Көкшетау қаласында, Зеренді ауданының Зеренді ауылында, сондай-ақ Щучинск қаласы мен Бурабай ауданының Бурабай ауылында орналасқан.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың есебінен 42 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді, 2023 жылдың басынан бері Аршалы ауданы Бұлақсай ауылында бір өрт сөндіру бекеті ашылды. Ақмола облысының елді мекендерін өрттен қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде өрт сөндіру бекеттерінің ашылуы тұрақты бақылауда және одан әрі жалғасатын болады.

Жыл басынан бері Ақмола облысында 22 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды, 111 адам эвакуацияланды.

Өзгелердің жаңалығы