#Желмая. Теріскейдегі қазақ санын арттырсам деп ең бірінші өзім көшіп бардым – Бурахан Дақанов

21 Шілде 2022, 15:00
19611
Бөлісу:
#Желмая. Теріскейдегі қазақ санын арттырсам деп ең бірінші өзім көшіп бардым – Бурахан Дақанов
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  «Тәуекел» қоғамдық ұйымының жетекшісі, көпшілікті теріскейге көшуге шақырып жүрген қоғам белсендісі Бурахан Дақанов «Желмая» жобасында берген сұхбатында мәлімдеді.

Сонымен қатар ол өзі бірінші болып солтүстікке қоныстанғанын айтты. 

Адам алдымен қай жердің ыңғайлы, қайда тұруға болатынын барып көреді ғой. Ең бірінші Солтүстік Қазақстандағы бірнеше аудандарды араладым. Басты мақсатымыз – қазақтандыру болғандықтан неғұрлым орыс ұлты көп шоғырланған және шекара аймағына жақын аймақты таңдауға ниеттендім. Шал ақын ауданы – табиғаты да тамаша, өзеннің жанында орналасқан, орманы көп керемет жұмақ жер. Бала-шағам да сол жерді ұнатты. Осылайша, осы ауданға қоныстануға бел байлап, тұрақтап қалдық, - деп ағынан жарылды қоғам белсендісі. 

Сонымен қатар теріскейге көшуге қатысты халықтың ықыласы қандай екендігіне тоқталды. 

Қазіргі уақытта оңтүстік өңірлерде қуаңшылық мәселесі, одан басқа да факторлар көп. Сол үшін негізі көшкісі келіп отырған адамдардың қарасы аз емес. Бірақ көбі солтүстікке барғанда не болады, жұмыссыз қалам ба деп  сенімсіз. Облыс ауыстырмақ түгілі, ауылдан ауылға көшу оңай емес қой. Көшу мәселесі бойынша оңтүстіктегі, Маңғыстаудағы ағайындармен сөйлесемін. Олардың басым көпшілігі облыс аумағынан шығып көрмеген  адамдар. Оның үстіне, солтүстік өңір аязы қытымыр, орыстанып кеткен өңір деген стереотиппен қарайды, - деді Бурахан Дақанов. 

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы