#Желмая. Сайлау-2022. Кімдер тәуелсіз бақылаушы бола алады, оның шарты қандай?

4 Қараша 2022, 10:50
38933
Бөлісу:
#Желмая. Сайлау-2022. Кімдер тәуелсіз бақылаушы бола алады, оның шарты қандай?
Фото: BAQ.KZ

#Желмая жобасының бұл жолғы кейіпкері Астана қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Бақыт Ғазизқызы.

Кімдер тәуелсіз бақылаушы болып қатыса алады, оның шарттары қандай? Халықтың белсенділігі, қызығушылығы қандай? Бақылаушылардың қызығушылығы қаншалықты? Арандату әркеттері болып жата ма? Сайлау деген үлкен саяси науқынғы дайындығымыз қандай? Осы және өзге де маңызды сауалдарға Желмая жобасының бүгінгі қонағы  Бақыт Ғазизқызы жауап береді.

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Төлеген Мұхамеджанов болған еді.

Өзгелердің жаңалығы