#Желмая. Ауыл шаруашылығында қандай кемшіліктер бар?

17 Қазан 2020, 16:54
4083
Бөлісу:
#Желмая. Ауыл шаруашылығында қандай кемшіліктер бар?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан фермерлер одағының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев «Желмая» жобасында қонақта болды. 

Ауыл шаруашылығында қандай кемшіліктер бар? Фермерге не жетіспей жатыр? Шаруаларға несие алу неге қиын? Ауыл шаруашылығына қажетті техниканы өндіруге не кедергі? Биыл егін түсімі қандай? Ауылға бірінші не керек? «Ауыл жолдары» атты жоба қашан іске қосылады? Көптеген бағдарламалар неліктен аяғына дейін жетпей қалады? Осы және өзге де сұрақтарға Жигули Дайрабаев жауап береді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы «СҚ-Фармация» ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смайылова болған еді.

Өзгелердің жаңалығы