Желідегі шу: Танымал тамада мен жұбайының жеке видеосын таратып жіберген күдікті ұсталды

WhatsApp мессенджері арқылы жеке бейнематериалды заңсыз таралып кеткен.

 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 14:37
Бүгiн 2026, 14:37
364
Фото: видеодан алынған кадр

Ақтауда ерлі-зайыпты блогерлердің жеке видеосын заңсыз таратқан күдікті анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті – кәмелетке толмаған тұрғын. Бұл ақпаратты BAQ.KZ тілшісіне Маңғыстау облыстық Полиция департаменті растады.

Ақтау қаласы полиция қызметкерлері WhatsApp мессенджері арқылы жеке бейнематериалды заңсыз тарату дерегін тоқтатты.

Полицияға жергілікті блогерлер болып табылатын ерлі-зайыптылар жүгініп, тек жеке пайдалану үшін арналған интимдік бейнематериалдарының әлеуметтік желілерде таралып жатқанын хабарлаған. Олардың айтуынша, ақпараттың таралуына бұрын олармен жұмыс істеген мобилографтардың бірі қатысы болуы мүмкін.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 147-бабы (жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу және жеке өмір туралы мәліметтерді тұлғаның келісімінсіз заңсыз тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Өтініш түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, жәбірленушілермен тұрақты байланыста болды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол – Ақтау қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаменті.

Қалған мән-жайлар анықталуда.

Полиция азаматтарға жеке және құпия материалдарды олардың келісімінсіз тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх