Желідегі шу: Талдықорғандағы жыртылып қалған мемлекеттік ту ауыстырылды

Тұрғын жыртылған мемлекеттік ту ілініп тұрғанын түсіріп, видео жариялаған.

Бүгiн 2026, 18:26
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 18:26
Бүгiн 2026, 18:26
107
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Талдықорғанда жел жыртып кеткен мемлекеттік ту ауыстырылды. 

Қала тұрғыны әлеуметтік желіде Талдықорғанда жыртылған мемлекеттік ту ілініп тұрғанын түсіріп, видео жариялаған еді.

Ол шаһардың бас ту тұғырында ілінген мемлекеттік рәміздің мүшкіл күйіне наразылығын білдірген. Тұрғын TikTok парақшасында жыртылған тудың ілулі тұрғанына бірнеше күн болғанын айтып өткен.

Мемлекеттігіміз бен тәуелсіздігіміздің нышаны қалайша мұндай күйде тұруы мүмкін? – деп сұрақ қойды қала тұрғыны.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тудың ұзаққа созылған жауын-шашын мен қатты желдің салдарынан осындай күйге түскенін хабарлады.

Қолайсыз ауа райына байланысты туды дер кезінде ауыстыру жұмыстарын жүргізу мүмкін болмады. Қауіпсіздік техникасына сәйкес, қатты жел кезінде жұмыс істеу қауіпті, өйткені ту бекітілген трос үзіліп кетуі мүмкін, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ауа райы реттелгеннен кейін, 2026 жылдың 12 мамырында мамандар туды жаңасына ауыстырды.

Еске салайық, бұған дейін қоқыстан елтаңба тауып, үйіне ілген ер адам жауапқа тартылды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Қазақстан байрағы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Арабша жазуы бар тумен фотоға түскен тағы бір қыз жазаға тартылды

Алматы облысында мемлекеттік рәміздер қоқыстан табылды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх