Тағы да жалған ақпарат

18 Тамыз 2020, 23:45
1607
Бөлісу:
Тағы да жалған ақпарат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта what's up мессенджерінде жерсеріктік және эфирлік телерадиохабар тарату желілерінде Жоспарлы алдын алу жұмыстарының жүргізілуі туралы жалған ақпарат тарауда.

Осы ретте Сіздерді үрейге бой алдырмай, тек ресми мәліметке сенулеріңізді сұраймыз, деп хабарлады АҚДМ телеграм-арнасында.

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшінқажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
call-center: 193, +7(727) 2 581 500, 7193,
e-mail: abonent@otautv.kz
Өзгелердің жаңалығы