Желдетілмейтін ғимаратта вирус жұқтыру қаупі артады

1 Қараша 2020, 14:53
1249
Бөлісу:
Желдетілмейтін ғимаратта вирус жұқтыру қаупі артады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инфекционист, вирусолог Евгений Тимаков бір науқас желдетілмейтін ғимарат ішіндегілердің 60-70 пайызына вирус жұқтыра алады дейді. Ал тікелей қатынаста болғандардың 90 пайызы сырқаттануы  мүмкін. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі жазды. 

Коронавирустың көшеде өтіп бара жатқан адамнан жұғу ықтималдығы төмен. Вирустардың белсенділігі көбінесе желдетілмейтін, жабық мекемелер ішінде артады. Жұқтыру қаупі де осындай ғимараттар ішінде жоғары. Демек ғимарат ішінде адамдар көп жиналатын орындар, офистер, жабық мекемеде өтетін мерекелік жиындар жұқтырудың негізгі көзі болып есептеледі. 

Ал бір науқас жабық ғимараттағы бірге болған адамдардың 60-70 пайызын, тікелей қатынаста болғандардың 90 пайызына вирус жұқтыруы мүмкін. 

Дәрігердің айтуынша, вирус жұқтыру үшін науқаспен 1,5 метр арақашықта маскасыз сөйлесу де жеткілікті. Сондықтан вентиляциясы нашар офис қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге көшірудің, адамдар көп жиналатын шараларды ғимарат ішінде өткізбеудің маңызы зор.

Өзгелердің жаңалығы